«Топырақ пен су сынамасына жасалған зерттеулер жаман нәтиже көрсетті», -деді А. Чакаров. Магистральдық мұнай құбыры тартылған бөлікте топырақтың ластануы бір килограмм топыраққа шаққанда 904,4 миллиграмм мұнай өнімдерін құрайды, бұл бақылау нүктесіндегі мұнай өнімдерінің мөлшерінен 19,9 есе артық.
«Солтүстік Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары жүргізген есепке сәйкес экологияға келген шығын көлемі 78 млн 122 мың теңгені құраған. Іс материалдары қылмыстық іс қозғау үшін облыстық ІІД-не берілді», — деді А. Чакаров.
Прокурордың айтуынша, топырақтың ластануы «Уфа — Петропавловск» желілік-өндірістік диспетчерлік Петропавловск станциясы магистральдық мұнай құбырына рұқсатсыз қол сұғу салдарынан болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті