Солтүстік Қазақстан облысында осы аптаның соңына дейін күздік бидайды жинауды аяқтауды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында осы аптаның соңына дейін күздік бидайды жинауды аяқтауды жоспарлап отыр

Солтүстік Қазақстан облысында осы аптаның соңына дейін күздік бидайды жинауды аяқтауды жоспарлап отыр

Петропавловск. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында осы аптаның соңына дейін күздік бидайды жинауды аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстың ауыл шаруашылық департаментінің бастығының орынбасары Григорий Полищукке сілтеме жасай отырып.

  • 4 Тамыз 2008
  • 596
Фото - Caravan.kz

Департамент маманының мәліметтеріне сүйенсек, күздік бидай егілген жердің аумағы 8760 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта барлық егілген күздік дақылдар көлемінің 73 пайызы орылған, оның 10 пайызы басылған.

Г. Полищуктың ақпаратына сүйенсек, жалпы түсім 17 470 центнер бидайды құраған (орташа түсім гектарынан 19,5 центнер). Астық түсімінің көрсеткіші бойынша Аққайың ауданы алда келеді. Кейбір алқаптарда шаруалар гектарынан 50 центнерге дейін бидай жинауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті