Жарияланды: 450

Солтүстік Қазақстан облысында пайдалануға жарамсыз 7 тонна тамақ өнімі өнеркәсіптік өңдеуге жіберілді

Петропавловск. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері пайдалануға жарамсыз 7 тонна тамақ өнімі өнеркәсіптік өңдеуге жіберілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Проспект СК" газетіне сілтеме жасай отырып.

Басылымның хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жүргізген тексеру нәтижелері облыс орталығының ірі азық-түлік дүкендерінің көпшілігінде сапасыз азық-түлік сатылатынын анықтап берген. "Облыстың санитарлық қызметінің қырағылығының арқасында гептахлор атты улы химикаты бар Қытайдан келген апельсиндер, шалғам, қызылша және нитраты бар орамжапырақ, сондай-ақ, ет, сүт, сары май облыс тұрғындарының үстеліне түскен жоқ. Олардың барлығын дерлік сапалық көрсеткіштері бойынша бактериологиялық қаруға теңестіруге болар еді", - деп жазылған мақалада. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін