«Жылдың басынан бері судағы транспорттық құралдарды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 су мотоциклі мен 7 моторлы қайық айыппұл тұрағына жөнелтілді», — деді А. Марков.
Солтүстік Қазақстан облысында жалпы 13 өзен, 1349 шағын ескекті қайық, 165 моторлы кеме тіркелген. Көбінесе осындай ереже бұзушылықтар гидроциклдерде, немесе, халық арасында скутерлер деп аталатын көліктерде, шағын кемелерде тіркеледі. Маусымда осындай суда жүретін көліктегі апаттардан 2 адам қаза тапқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті