Солтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, семинарға Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген кедендік органдардың 40-тан астам қызметкері қатысады. «Жұмыстың бірінші күнінде семинарға қатысушылар «Жаңажол» кедендік постындағы тауар тасымалдауды бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің құрылғыларының жұмысымен танысады»,- деп хабарлады баспасөз қызметінедегілер.
Ертең, 5-қазанда, семинарға қатысушылар Павлодардың уақытша сақтау қоймаларындағы кедендік органда атқарылып жатқан бақылау процедурасын тікелей көре алады.
Баспасөз қызметінедегілердің түсіндіруінше, тауар тасымалдауды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі — заманауи электрондық құрылғылардың кешені болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті