Солтүстік Қазақстан облысында "Жаңажол" кеден бекетінде радиациялық жүк тиелген көлік ұсталды
Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында "Жаңажол" кеден бекетінде радиациялық жүк тиелген көлік ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ мәліметінше, 28 қазанда сағат 13.15-те Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында "Жаңажол" кеден бекетінде радиациялық бақылау кезінде салмағы 20 тонна тот баспайтын құрыш тиелген тіркемелі "Даймлер-Крайслер" көлігінен гамма-сәуле нормасының 1,4 есе артық екені анықиалды.
ТЖМ ақпаратына сәйкес, жүкті "Радар" ЖШС (Алматы) жіберген, қабылдап алушы - "Шольц-Рекуглинг" (Германия). Автокөлік тұраққа қойылып, қауіпсіздік белгілері мен күзет қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін