Солтүстік Қазақстан облысында жұлдызқұрттың таралуы нағыз апатқа ұрындыруы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында жұлдызқұрттың таралуы нағыз апатқа ұрындыруы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында жұлдызқұрттың таралуы нағыз апатқа ұрындыруы мүмкін

Астана. 21-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Петропавлда 2007 жылы өсімдік және жануарлар әлемін қорғау, пайдалану және өндіруді жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар жұмысы қорытындыланды. Бұл туралы облыстық орман және аң шаруашылығы басқармасы мен оның бөлімшелерінің мамандарының қатысуымен өткен жиналыс барысында табиғи ресурстар және табиғат пайдаланушыларды реттеу департаментінің бастығының орынбасары Ережеп Жаңатаев хабардар етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Ақпан 2008
  • 548
Фото - Caravan.kz

Оның ақпаратына сүйенсек, өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында табиғат қорғау құрылымдары үшін ағаштарды заңсыз кесу ең өзекті мәселе болған. облыста орман алқабының 556 куб метрін заңсыз отаудың 183 оқиғасы тіркелген. Шығын жарты миллион теңгеден асып кеткен.

«Ал биыл жібек құрты мамандардың бас ауруына айналуы әбден мүмкін. Мысалы, былтыр жұлдызқұрт Солтүстік Қазақстан облысының 80 мың гектар орман алқабына тараған. Ал оның 19 мың гектары ғана химиялық құралдармен өңделген. Жағдайға сараптама жасай отырып, мамандар бір ағашқа қазір 12 мың жұлдызқұрты келетінін есептеп отыр», — деді Е. Жаңатаев.

Сонымен бірге, 2007 жылы Солтүстік Қазақстан облысында жабайы аңдарды аулау ережесінің 364 бұзылу оқиғасы тіркелген. Орманды қорғау қызметінің қызметкерлері 1,5 млн теңгеге шағым түсірген. Заңсыз аң аулаудың 9 оқиғасы облыстың жануарлар қоры үшін 19 қарақұйрық, 1 бұланның кемуіне ұшыратқан. Браконьерліктен келген шығын 2 млн теңгені құраған. заң бұзушыларға қарсы 8 қылмыстық іс қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті