Солтүстік Қазақстан облысындағы автожолдардың 50 пайызға жуығы қанағаттанарлықсыз жағдайда - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысындағы автожолдардың 50 пайызға жуығы қанағаттанарлықсыз жағдайда

Солтүстік Қазақстан облысындағы автожолдардың 50 пайызға жуығы қанағаттанарлықсыз жағдайда

Солтүстік Қазақстан облысындағы автожолдардың 50 пайызға жуығы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров мәлім етті.

  • 6 Желтоқсан 2013
  • 274
Фото - Caravan.kz

«Солтүстік Қазақстан облысындағы автожолдардың ұзындығы 9 мың шақырымға жуық. Оның ішінде 1280 шақырымы (17 пайыз) жақсы жағдайда, 2560 шақырымы (34 пайызы) қанағаттанарлық, сондай-ақ 3690 шақырымы (49 пайызы) қанағаттанарлықсыз жағдайда»,-деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы алғаш рет жергілікті маңыздағы жолдарға 5,4 млрд. теңге бөлінген. Бұл өткен жылға қарағанда екі есеге артық. Оның ішінде облыстық бюджеттен 2,6 млрд. теңге бөлінді.

«Жалпы, 2013 жылы республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарды қайта салу, күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарында 12,4 млрд. теңге игерілді.


Ағымдағы жылы жүргізілген жөндеу жұмыстары 235 елді мекендегі көліктік байланыстарды жақсартты.