Солтүстік Қазақстан облысындағы бюджеттік ұйымдарда 1 млрд 867 млн теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды
Петропавловск. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысындағы бюджеттік ұйымдарда жылдың бірінші жартысында 1 млрд 867 млн теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары Зина Қапароваға сілтеме жасап. |
"Жылдың бірінші жартысында қаржылық бақылау инспекциясының мамандары 247 бюджеттік ұйым мен мекемені тексерді. Тексерулер нәтижесінде 1 млрд 867 млн теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды", -деді З.Қапарова.
"Жергілікті бюджет бойынша білім беру мекемелерінде 479,6 млн теңгенің, денсаулық сақтау мекемелерінде 215,5 млн теңгенің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты мен автокөлік жолдары саласында 153,6 млн теңгенің заң бұзушылықтары анықталды", -деді ол.
Құқық қорғау органдарына 179,2 млн теңгенің 97 инспекциялық материалдары жолданды. Осы материалдардың негізінде 26 қылмыстық іс қозғалып, оның 9 сотқа жолданып, 2 лауазым иесі сотталды.
Сондай-ақ, бюджет қаржысын тиімсіз, орынсыз және мақсатсыз жұмсағаны үшін 150 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін