Жарияланды: 620

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі дәрігерлер мен шетелден келген қазақтар отбасына жаңа үйлердің кілттерін табыс етті

Петропавловск. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов Республика күні қарсаңында Мамлют ауданының Покровка ауылында дәрігерлер мен шетелден келген қазақтар отбасына жаңа үйлердің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, тек кейінгі үш жылда елімізде 18 млн шаршы метр баспана салынғанын атап өтті. Солтүстік Қазақстан облысында да құрылыс қарқыны жаман емес. Осы уақытта 414 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл жоспардың 107%. Мамлют ауданында былтыр 5 мың шаршы метрден астам, ал осы жылдың 9 айында 2,5 мың шаршы метрден астам баспана тұрғызылды. Облыстық 2008 - 2009 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының бағдарламасына сәйкес оралмандарға арнап 100 үй, соның ішінде Мамлют ауданында 6 үй салу жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін