Жарияланды: 330

Солтүстік Қазақстанда су тасқынына дайындыққа қосымша 100 млн теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстанда су тасқынына дайындыққа қосымша 100 млн теңге бөлінді

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласы бойынша жұмыс сапары барысында қар тазалау жұмыстарымен танысты.

Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, "ҚазАқпарат" хабарлады. 

Қаланың шеткері аймақтарында қар тазалау тәулік бойы жүргізілуде. Жиырмадан астам көшелерде қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл жұмысты 9 кәсіпорын атқаруда, 108 дана техника жұмылдырылған.

СҚО су тасқынына дайындыққа қосымша 100 млн теңге бөлді

Қалада төрт қар күресіні бар. Маусым айының басынан бері 645 мың текше метр қар шығарылған. 15 көшеде 4 шақырымға жуық селге арналған кәріз жүйелері тазартылды.

СҚО су тасқынына дайындыққа қосымша 100 млн теңге бөлді

«Біз су тасқынына дайындық үшін қосымша 100 миллион теңге бөлік. Ондаған техникалар алдық, бір бөлігі осында, қалғаны жақын күндері келеді. 2016 жылмен салыстырғанда, биыл қар екі есе көп жауды. Сондықтан, су тасқыны болу қауіпі орасан», - деді өңір басшысы.

СҚО су тасқынына дайындыққа қосымша 100 млн теңге бөлді

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть