Жарияланды: 530

Солтүстік Қазақстанда Т2 млн-нан астам соманың есірткісін жариялы акция барысында жойды

Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) жариялы акция барысында Т2,24 млн соманың есірткісі жойылды, деп СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Тайынша ауданының полицейлері Тайынша аудан орталығында 30 кг-нан астам есірткіні өртеді», - деп дүйсенбі күні ІІД баспаөз қызметінен хабарлады. «Бүгінгі акциямен біз халық денсаулығын сатып пайда тапқысы келетіндерге қарсы соғыста бірігуге шақырамыз. Біздің ортақ мақсатымыз – есірткісіз болашақ құру, және біз әрбір үй, аула, әрбір оқушы мен студент үшін күресеміз», - деді Тайынша аудан ІІБ бастығы Абай Тастеміров. Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, жыл басынан бері ауданда есірткіге байланысты алты қылмыс, заңсыз есірткі сақтаудың 6 фактісі анықталыпты. Ауданда тәркіленген есірткі салмағы 29 кг марихуана мен 2 кг-дай гашиш болыпты. Сарапшылардың пайымдауынша, осы алынған есірткінің «қара базардағы» бағасы Т2 млн 240 мың болады екен. «Жыл басынан бері СҚО полицейлері 132 есірткі қылмысын анықтап, заңсыз айналымнан 293 кг есірткі заттарын алды», - делінген баспасөз қызметінің хабарында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін