Солтүстік Қазақстанда жібек құрты орманды жеп барады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстанда жібек құрты орманды жеп барады

Солтүстік Қазақстанда жібек құрты орманды жеп барады

Солтүстік Қазақстанда құрт көбелегі қаптап кетті. Қайыңның жапырағымен қоректенетін зиянкестің саны былтырғымен салыстырғанда 4 есеге көбейген. Мамандар бұған іргелес Ресейді кінәлап отыр. Себебі, көрші елде зиянкеспен күрес тым сылбыр жүргізіледі. Енді соның кесірі қызылжардың ормандарына тиіп жатыр екен.

  • 21 Мамыр 2014
  • 310
Фото - Caravan.kz

Былтыр Ресейден ағылған жібек көбелегі Қызылжар ормандарының 150 мың гектарына жұмыртқалап тастапты. Қазір енді соның кесірі тиіп жатыр.  

Қайролла Байтеңізов, СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:

-Былтыр күздігүні жібек көбелегі 4 жұмыртқа салды мына жерде. Содан осы жұмыртқадан 150-300- дей құрттар шығады. Олар мамыр айында шығып, сосын көтеріледі. Міне өздері, міне, көтеріліп жатыр. Сосын жапырақтарды жейді.

Жібек құрты қайыңның жапырағымен ғана қоректенеді. Өздерінің  қылқан жапырақты алқаптарын қорғайтын Ресей үшін қайың, орманды қалыптастыратын басты ағаш болып саналмайды екен. Сондықтан көрші елде жібек көбелегімен күрес тым сылбыр жүргізіледі.

Хасен Баукенов, Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық инспекциясының бөлім бастығы:


— Ресейліктер былтыр зақымдалған ағаш алқаптарының он пайызын ғана дәріледі. Бұл тым аз. Әрине, жібек көбелектері шекарада тұрған біздің ормандарға ұшып келеді де,ағаштарға зақым келтіреді.

Қазір жібек құртының енді ғана күш алып келе жатқан кезі. Мамандар мұны зиянкестің жетілуінің әлі алғашқы кезеңі дейді. Мына алып машиналардан шашылатын дәрі үшін күн сәулесі қауіпті. Сондықтан орманды алқаптарды улау жұмыстары кешқұрым және түнде жүргізіледі.

Жібек құрты әр 7 жыл сайын бас көтеріп тұрады. Қылқанды ормандарын бағалап, қайыңды құртқа жем қылатын Ресей зиянкестің өзінен өзі жойылып кеткенін күтеді екен. Ал бір ағаш қырықсаң, орнына екі ағаш отырғызу заңмен міндеттелетін біздің елде жібек құртымен жыл сайын күресеміз дейді мамандар.