Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны шыңына жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны шыңына жетті

Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны шыңына жетті

Солтүстік Қазақстан облысындағы биылға су тасқыны соңғы 23 жыл ішіндегі судың көтерілуінің ең рекордтық көрсеткіші болды

Есіл өзеніндегі судың деңгейі шырқау шыңына жетуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны ахуалы күрделі болып тұр, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. "Петропавл аумағында Есіл өзеніндегі судың деңгейі шырқау шыңына жетіп, соңғы 23 жылда болмаған көрсеткішті көрсетті. Дәл осындай көрсеткіш СҚО-да 1980 жылдан кейін соңғы рет 1994 жылы болған", — деп нақтылады Иманқұлов. Сейсенбіге қараған түні облыс орталығында Есіл өзеніне жақын орналасқан кенттердегі 122 тұрғын үйді су басты. Дәл осындай қиын жағдай Кожевенный зауыты кентінде орын алып, 115 үй су астында қалса, Заречный кентінде үш үйді және Перминовый көшесіндегі төрт үйді су басты.

  • 25 Сәуiр 2017
  • 286
Фото - Caravan.kz


Иманқұловтың сөзіне қарағанда, аталмыш төтенше жағдайды ауыздықтау үшін және эвакуациялық іс-шаралар жүргізу үшін СҚО ТЖД, СҚО бойынша ҚР ІІМ ТЖК Апатты медицина орталығының мамандары, ҚР Ұлттық гвардиясы №6637 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері жұмылдырылды. "Кожевенный зауыт кентінен сағат 11:00-ге СҚО ТЖ жөніндегі департамент пен республикалқ жедел құтқару жасағының күштерімен 215 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Сондай-ақ бір күн бұрын, 24 сәуірде РЖҚЖ құтқарушылары мен СҚО ТЖД жеке құрамы бірлесіп Заречный аулынан 26 адам мен 80 ұсақ мүйіз мал қауіпсіз жерге көшірді. Қауіпсіз жерге көшіру шаралары жалғасып жатыр", — деп атап өтті Иманқұлов.

 

Соңғы жаңалықтар