Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі тасымалдау арнасын жолға қоюшы әрі оны сатушы Петропавловск қаласының орталығында таблеткаларды сатып жатқан кезде қолға түсті.
Сараптама қорытындысы бойынша зат психотроптық зат — метилендиоксиметамфетамин («экстази») деп танылды. «Алдын ала мәліметке сәйкес, таблеткалар Голландияда жасалған», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
«Есірткі сатушылар оларды Петропавловскіде бір данасын 15 евродан сатпақшы болған. Оларды кейін көңіл көтеру орындарында сату жоспарланған болуы ықтимал», -деді ҰҚКД қызметкері Жанат Нұтпаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті