“Сондайлардан жиіркенемін”: Меруерт Түсіпбаева жағымпаз әншілерді орнына қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Сондайлардан жиіркенемін”: Меруерт Түсіпбаева жағымпаз әншілерді орнына қойды

“Сондайлардан жиіркенемін”: Меруерт Түсіпбаева жағымпаз әншілерді орнына қойды

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева жағымпаз өнер иелерін сынға алды.

  • 23 Қаңтар 2022
  • 57
Фото - Caravan.kz

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева бұрын билікті мақтап жүріп, бүгінде пікірі өзгеріп шыға келген әріптестерін сынға алды, деп хабарлайды Экспресс К.

Билік ауысты ма, жоқ па, білмеймін. Аман-есен болсақ, оны уақыт көрсетер. Бір өкініштісі, жағымпаздық қазақтың қанына сіңген әдет. Ол өнер адамдарының ортасында да жетерлік. Мен сондайлардан жиіркенемін,

— деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Ол осы ретте әнші ҚР еңбек сіңірген артисі, марқұм Жәнібек Кәрменовтің "Адам болып келдім өмірге, адам боп кету тілегім, бәріңе соны тіледім" сөзін келтірді. Ол жуырда ел жинаған ақшаға жай ғана есеп беруді сұрағанымда, осындай құбылмалы әріптестерімнің маған деген көзқарасының өзгергенін көрдім деп отыр.

Мысалы, ертең мен бір министрге тұрмысқа шықсам, олардың маған деген көзқарасы да өзгере қалады. Ештеңеге таңғалмаймын. Анау атақты режиссер, мынау бәленбай жобасы бар продюсер деп ешкімге жалтақтамаймын,


— дейді әнші.

Ол да — пенде, мен де — дәл сондай Құдай жаратқан пендемін! Ол менен артық емес, бәлкім дәл бүгін оның асығы алшысынан түсіп тұрған шығар. Түссін! Қуаныштымын! Бірақ, бақпен тақты салмақ қана көтереді! "Ойланыңдар, жігіттер! Баста дәурен тұрмайды", — деп айтып кеткен бабаларым.

Соңғы жаңалықтар