Соңғы бес жылда Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 2,5 жылға артты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы бес жылда Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 2,5 жылға артты

Соңғы бес жылда Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 2,5 жылға артты

2008 жылдан бері қазақстандықтар өмірінің ұзақтығы 2,5 жылға өсті. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.
           «2008 жылы өмір сүру ұзақтығы 67,11, 2012 жылы 69,61 жасты құрады. 2015 жылға қарай 70-ке жеткізу көзделген», - деді ол үкіметтің сейсенбідегі отырысында.
           «Соңғы 10 жылда елімізде туу көрсеткіші 1,3 есе артты. Халықтың табиғи өсімі 2,1 есе артты. Ана өлімі 3 есе, балалар өлімі (...) 1,5 есе кеміді», - деді министр.
           2013 жылдың I жартысында ана өілімі 15,2%, сәбилер арасындағы өлім-жітім 17,7% төмендеген.
           «Бұған қолға алынған кешенді шаралар және әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту арқылы қол жеткізіп отырмыз. Тиімді халықаралық технологиялар енгізілді», - деді С.Қайырбекова.
           Соңғы үш жылда іштегі баласы мен өз денсаулығына қауіп төнуіне байланысты перинаталдық орталықтарға жатқызылған жүкті әйелдер саны үш есеге артқан.
           «Министрлік күн сайын жүкті әйелдер, босанатындар мен жас босанған әйелдерге қатысты жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп отырады. Соңғы үш жылда акушерлік салада күрделі жағдайлар саны төрттен бірге кеміді. Бұл көрсеткіш осы жылдың бірінші жартысында да сақталып қалды», - деді ол.
           Министрдің айтуынша, жыл басынан бері санитарлық авиацияның көмегімен шалғай елді мекендерге 600-ге жуық рейс жасалған. Оның 52 пайызында жүкті әйелдер мен балаларға көмек көрсетіліпті.

  • 20 Тамыз 2013
  • 809
Фото - Caravan.kz

Соңғы он жылда ана өлімі — 3, ал сәби шетінеуі 1,5 есеге төмендеді.

Министрдің атап өтуінше, ана мен бала өлім-жітімі көрсеткіштері мемлекеттің ғаламдық бәсекелестік индексінің негізгі өлшемі ретіне қарастырылады. Бұл ретте, ел Үкіметі тарабынан атқарылып жатқан іс-шаралар ана мен бала денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, соңғы жылдары республикада өмір сүру ұзақтығы 2,5 жылға ұзарып отыр.

«Кейінгі 10 жылда елімізде туу көрсеткіші динамикасы шамамен 1,3 есеге артқаны байқалады. Халықтың табиғи өсімі 2,1 есеге өсті. Ана өлімі 3 есеге қысқарса, еліміздің ДДСҰ ұсынған тірі және өлі туу өлшеміне көшуіне сәйкес 1,5 есе азайды», — деді ол.


С.Қайырбекованың сөзіне қарағанда, ана мен бала өлімі көрсеткіштерінің төмендеуі олардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жүйелі шаралардың арқасында мүмкін болып отыр.