Соңғы күніне дейін үш ауруханада ота жасаған: Петропавлда танымал дәрігер коронавирустан қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы күніне дейін үш ауруханада ота жасаған: Петропавлда танымал дәрігер коронавирустан қайтыс болды

Соңғы күніне дейін үш ауруханада ота жасаған: Петропавлда танымал дәрігер коронавирустан қайтыс болды

57 жастағы дәрігер-гинеколог Василий Чесноковтың қазасы туралы ақпарат Петропавл тұрғындарын есеңгіретті. Саналы ғұмырында жергілікті ауруханаларда жұмыс істеген дәрігерді облыс тұрғындары жақсы танитын.

  • 30 Қараша 2021
  • 30
Фото - Caravan.kz

Дәрігер өмірінің соңғы күндеріне дейін үш бірдей ауруханада жұмыс істеп, ота жасауға қатысқан, деп хабарлады "Время"газеті.

Өмірінің соңғы күндерінде дәрігер үш бірдей ауруханада қызмет жасап, жетіспейтін мамандардың орнын толтырған. Өзін нашар сезініп, ем қабылдап жүрсе де, жұмысын тоқтатпаған деген ақпарат бар. Василий Чесноковтың коронавирустан қайтыс болғанын облыстық денсаулық сақтау басқармасы да растап отыр.

"ПТР тестін кім алды және оның нәтижесі қандай болды, бұл сұраққа жауап бермейміз", — деген денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің м.а. Нұрлан Айманов артынша:

"Коронавирустық инфекциядан қайтыс болған 364 жағдайдың бәрінде денсаулық сақтау басқармасының қатысуымен комиссия отырысы өтеді. Ақау анықталған жағдайда, мамандар жұмылдырылып, тексеру жүргізіледі. Ақау анықталса да, анықталмаса да, комиссияны қандай құрамда жасақтау керектігін түсіну үшін құжаттарды бізге жіберу туралы бұйрық бердім", — деді.

Бұл мәлімдемені Айманов дәрігердің өлімінен кейін 11 тәулік өткеннен кейін жасады. Оның өзінде, журналистер табанды түрде сұрақ қойғандықтан, жауап бермесіне амалы қалмады. Сондықтан әлі күнге дейін дәрігермен байланыста қанша науқас пен әріптесі болғаны белгісіз. Мұндай селқостыққа кімнің көз жұма қарағанын денсаулық сақтау басқармасындағылар да айтпай отыр.


 

Соңғы жаңалықтар