Соңғы рет сөйлеген Царнаев тек Алла алдында айыпты екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы рет сөйлеген Царнаев тек Алла алдында айыпты екенін айтты

Соңғы рет сөйлеген Царнаев тек Алла алдында айыпты екенін айтты

Осы отандастарымыздың қамалуына басты себепкер - Жохар Царнаев ақыры өлім жазасына кесілді! Бүгін АҚШ соты Бостонда лаңкестік шабуыл жасаған азаматқа қатысты мамыр айында шығарылған үкімнің ресми түрде күшіне енгенін жария етті. Және айыптыға соңғы тілегін білдіру құқығы берілген.

  • 26 Маусым 2015
  • 256
Фото - Caravan.kz

Бұған дейінгі процестерде Жохар Царнаев жақ ашпай келген еді. Бірақ осы жолы соңғы сөзін айтуға өзі өтініш білдірген. Сөйтіп, кінәсін толық мойындайтынын және ең бірінші Алла алдында айыпты екенін жеткізіпті. Одан кейін марафонда қаза тапқандардың туыстары мен жараланғандардан кешірім сұраған. Дегенмен, АҚШ заңы бойынша 21 жастағы лаңкеске кесілген жаза кемі 2-3 жылсыз орындалмайды. Өйткені, апелляциялық шағым түсіруі үшін қосымша уақыт қарастырылған.