Сот Алматы метросының бұрынғы директорының мүлкін тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот Алматы метросының бұрынғы директорының мүлкін тәркіледі

Сот Алматы метросының бұрынғы директорының мүлкін тәркіледі

«Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директоры

  • 30 Шiлде 2015
  • 538
Фото - Caravan.kz


Мұрат Өкшебаевтың және оның отбасы мүшелерінің автокөлігі, гаражы және бірнеше пәтері тәркіленді. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен хабарлады. 

Сот Мұрат Өкшебаевтың және оның отбасы мүшелерінің мүліктерін тәркіледі. Дәлірек айтқанда, төрт пәтер тәркіге алынды — олардың екеуі Астанада, екеуі Алматыда орналасқан. Сонымен қатар Алматыдағы бір жер телімі, бір гараж және бір ескі Toyota Highlander автокөлігі де тәркіге алынды. 
Сондай-ақ сот арқылы Мұрат Өкшебаевқа қатысты екі айға, яғни үстіміздегі жылдың 14-ші шілдесінен 14-ші қыркүйегіне дейін қамауға алу жөнінде бұлтартпау шарасы қолданылды. 
Мұрат Өкшебаев Қылмыстық кодекстің (1997 ж) 176-бабының 4-ші тармағы бойынша (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) қылмыс жасағандығы ретінде күдікті деп танылды. Ол мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 
Мұрат Өкшебаев 1994 жылдан 2010 жылға дейін «Алматыметроқұрылыс» АҚ бас директоры болып жұмыс атқарды. 2010 жылдан 2014 жылға дейін «Метрополитен» КМК басқарды. 62 жаста, техника ғылымдарының докторы. Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. 
2009 жылы Мұрат Өкшебаев үй қамағына алынғаны белгілі. Сол кезде оған метро құрылысына бағытталған 120 млн. теңгенің мақсатсыз жұмсалғандығы бойынша айып тағылған еді. Одан басқа, бұл іс бойынша оның бірнеше әріптесіне де айып тағылды. Сол кезде Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтың мәлімдегеніндей, үй қамағына қаржының мақсатсыз жұмсалғандығы себеп болған. Бұл қаражат ерікті сақтандыруға жұмсалған. Одан басқа, қаржылық құжаттарды рәсімдеуде де қателіктер жіберілген. Дегенмен, көп ұзамай Өкшебаев өз қызметіне қайта оралған болатын.