Жарияланды: 7100

Сот Бақытбек Есентаевты ақтап шықты

Сот Бақытбек Есентаевты ақтап шықты Сурет - Kaznews.kz

Сот оны адам зорлау немесе сексуалды әрекеттерді қолдану бабы бойынша ақтап шықты.

Жақындарының айтуынша, Бақытбек Есентаев бұрынғы әйеліне қатысты зорлық әрекеттерін қолданбаған. Бұған қылмыстық істің материалдары дәлел бола алады.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Алматы қалалық соты №5210 молекулярлы-генетикалық сараптамасы зардап шегушіден алынған ұрық үлгісі аталған іс бойынша күдікті адамға тиесілі емес. Бұл дегеніңіз – ол Баянды зорламаған”, – дейді Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева.

“Мұнымен не дәлелдегіңіз келеді?” деген тілші сауалына Есентаева:

“Ағамды жасамаған ісі үшін жалған айыптағандардың жауапқа тартылғанын қалаймын”, – деп жауап берді.

Айта кетейік, 2016 жылдың маусым айында белгілі продюсер Баян Мақсатқызын бұрынңы күйеуі соққыға жығып, пышақ жарақатын салған болатын. Бастапқыда Есентаев адам өміріне қастандық жасады деп айыпталды. Алайда біраз уақыттан кейін іске адам зорлау бабы қосылды. 2016 жылдың 3 қарашасында Бақытбек Есентаев адам өміріне қастандық жасау бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оны адам зорлау немесе сексуалды әрекеттерді қолдану бабы бойынша ақтап шықты. Сот молекулярлы-генетикалық сараптама нәтижесіне сүйене отырып осындай шешімге келді. Сараптама зардап шегушіден табылған ұрықтың кімге тиесілі екенін анықтай алмады.

Сондай-ақ, Баян Алагөзованың қорғаушылары соттан қылмыстық істі тоқтатуды сұрағанын айта кетейік. Белгілі продюсер ортақ балалары үшін бұрынғы күйеуіне кешірім бергенін мәлім еткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін