Сот Қарағандының бірқатар экс-шенеуніктерін жаңа үйлердің құлауы салдарынан мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтыруды міндеттеді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот Қарағандының бірқатар экс-шенеуніктерін жаңа үйлердің құлауы салдарынан мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтыруды міндеттеді

Сот Қарағандының бірқатар экс-шенеуніктерін жаңа үйлердің құлауы салдарынан мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтыруды міндеттеді

Қарағанды облысы сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қарағандыда "Бесоба" тұрғын кешенінде үй салуда алақолдық танытқандарға және төрт экс-шенеунікке мемлекетке келтірілген залалды төлеуді міндеттеді, жалпы алғанда олар 230 млн теңге төлеуге тиіс.

  • 4 Ақпан 2014
  • 272
Фото - Caravan.kz

"Қазыбекби аудандық сотының қаулысын өзгерту туралы шешім қабылдаймын және Ивановтан (қала әкімінің бұрынғы орынбасары Виктор Иванов – "ИФ-Қ"), Воробьевтен (облыстық сәулет басқармасының бұрынғы басшысы Александр Воробьев – "ИФ-Қ"), Алтынбековтен (сәулет басқармасының аймақтар жөніндегі құрылыс бақылауы бөлімінің бұрынғы бастығы Дәулет Алтынбеков – "ИФ-Қ") Гуктен (сәулет басқармасының бақылау бөлімінің бұрынғы бастығы Татьяна Гук – "ИФ-Қ") және 13 фирмадан жалпы алғанда 229 миллион 699 мың теңге өндірілсін", деді апелляциялық алқа төрағасы Қайрат Айтжанов қаулыны жариялаған кезде.

Оның айтуынша, бұл адамдар қабылдау комиссияларының төрағалары не орынбасарлары бола тұрып, өз міндеттерін дұрыс орындамаған, толық тексерілмеген және дайын емес нысанды қабылдап алған.

Алдында хабарланғандай, 2012 жылы 1-сәуір күні "Бесоба" кешенінде №7 тұрғын үйдің іргетасынан бастап төбесіне дейін ені 10-15 см саңылау пайда болған, комиссия бұл үй тұру қауіпті, деп шешім шығарған, 2-сәуір күні ол үйдің тұрғындары шұғыл тәртіпте эвакуацияланған болатын. 6 сәуір күні таңертең бұл үйдің 5-8 подъездері қирады. Бірнеше пәтердің тұрғыны панасыз қалған еді.


Құлаған үйлердің салдарын жоюға қала әкімшілігінің резерв қорынан 230 млн теңге жұмсалған болатын.