Мұндай шешімді Алмалы аудандық сотының судьясы Бағлан Нүсіпбекова қабылдады.
Сот процессіне жауап беруші ретінде «Асанди таймс» апталық газетін басып шығарушы «Бастау» ЖШС , газеттің бас редакторы Ирина Петрушева мен журналист Мұхамеджан Әділовтар шақырылды.
Сотқа шағым түсіруге «Асанди таймс» газетінің 2003-жылғы 25-сәуірдегі санында жарияланған М.Әділовтың «Рахат Әлиев қайта оралды» атты мақаласы түрткі болған. Р.Әлиевтің қорғаушысы Алексей Фоменконың айтуынша, мақалада деректер бұрмаланып, Р.Әлиевті жалған қорлауға жол берілген. Сот қаулысына сәйкес шағым құны 300 мың теңгені құрап, Р.Әлиевтің шешімімен бұл қаржы Алматыдағы бір ардагерлер ұйымының есепшотына аударылатын болды.
Сондай-ақ, сот мақалада жазылған деректер газеттің бірінші бетінде жоққа шығарылуы тиіс деген үкім шығарды.