Күдіктілердің тума-туыстарының айтуына қарағанда, абақты басшылары тұтқындағылармен бірнеше күннен бері кездесуге рұқсат бермеген. Әкелген тамақтарын да қабылдамапты. Ішке кірмек болғандарға тәртіп сақшылары күш көрсетіп, қуып шыққан. Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері қандай да бір мәлімет таратуға құлықсыз. Қазір тергеу абақтысындағы тәртіпсіздікке қатысты тексеруді облыстық прокуратура бастады.