Сотталғандарды индустрияландыру жобаларын жүзеге асыруға «жегу» керек - республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сотталғандарды индустрияландыру жобаларын жүзеге асыруға «жегу» керек - республикалық басылымдарға шолу

Сотталғандарды индустрияландыру жобаларын жүзеге асыруға «жегу» керек - республикалық басылымдарға шолу

«Қарашаның 6-ы күні көп ай­тылып, жиі насихатталып жүр­ген құнды қағаздар рыно­гын­дағы жаңа бастама - «Халықтық IPO» бағдарламасының табал­ды­рығын аттадық. Үкімет шешімімен мұзды жарған кемедей жол бастау «ҚазТрансОйл» ком­паниясына жүктелді. Күні бү­гін­ге дейін «Халықтық IPO» деген не, қатысушыға одан тиімділік қандай, қатысудың жол­да­ры мен талап-тәртібі қайсы деген бағыттарда алғышарттары на­сихатталып келген халық ара­сына енді өз акцияларын жарнамалау үшін «ҚазТрансОйл» ком­паниясының басшылары келді»,-деп жазады «Егемен Қазақстан» басылымы бүгінгі санында «ҚазТрансОйл» басшылары жұртшылықпен кездесті» атты материалда. Ақтауда өткен роуд-шоуда «ҚазТрансОйл» АҚ бас ди­рек­торы Қайыргелді Қабылдин «ҚазТрансОйл» АҚ акция­ла­рын Қазақстан азаматтарының арасында тарату, «Қаз­Транс­Ойл»-дың экономикалық әлеуеті жайында айтып, компания ту­ра­лы егжей-тегжейлі таныстырған көрінеді.

  • 14 Қараша 2012
  • 447
Фото - Caravan.kz

Осы басылымда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Игорь Роговтың «Демократия дамуының жаңа деңгейі» атты мақаласы басылыпты. «Үстіміздегі жылы Қазақ­стан­ның құқық қорғау саласында, ең кем дегенде, екі ірі оқиға болды. 13 наурызда Мемлекет бас­шы­сы «Қазақстан Республика­сы­ның Құ­қық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы (Венеция комиссиясындағы) мү­­­шелігі туралы» Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшы­сының бұл актісі Қазақстанның тиісті өтінімін қа­на­ғаттандыру туралы Еуропа Кеңесі Министрлер Комитетінің шешімінен кейін қабылданды, ал бұл Қа­зақстанның құқық үстемдігін нығайту саласындағы жетістіктерін халықаралық қауым­дастық мойындағанын білдіреді.12 қарашада Нью-Йорк қала­сында БҰҰ Бас Ассам­блея­сы­ның 67-сессиясы барысында БҰҰ-ның Адам құқықтары жө­ніндегі ке­ңесінің 2013-2015 жыл­дарға арналған жаңа мү­шелерін сайлау болып өтті. Осы сессияда Кеңес құрамына бар­лы­ғы болып жаңа 18 мүше ел, солар­дың қа­тарында Қазақстан да сай­лан­ды. Бұл шешім адам құқықта­ры­ның мызғымастығы мен үс­тем­дігін қамтамасыз етудегі еліміздің жетістіктерін сөз­сіз айғақтайды»,-деп жазылған онда.

***

«Айқын» басылымының жазуынша, сотталғандарды Үдемелі индустрияландыру жобаларын жүзеге асыруға «жегу» қажет. Кеше Астанада өткен Жергілікті билік органдарының ұлттық форумында қызықты ұсыныс жасалды. Ол Парламент өкілдері тарапынан қолдау тапты. Бір айта кетер жайт, тіпті өзін қазіргі заманауи өркениеттің көшбасшысы санайтын АҚШ-та да ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысын салуға, әсіресе, егер олар шөл дала сияқты адам төзбес, ауыр жағдайларда жүретін болса, аса ауыр қылмыстары үшін бас бостандығынан айырылғандарды тарту тәжірибесі бар. Ал Қазақстанда болса, Ұлттық форумға қатысушылардың байламынша, үлкен адами ресурс пайдаға жаратылмай жатыр. Бұл мәселе жөнінде газет «Сотталғандарды сапалы жұмысқа «жегу» керек» атты мақалада жазды.

***

«Алаш айнасы» газетінің 14 қараша күнгі санының тұрақты Ой-көкпар айдарына «Шетелде білім алып келген жас мамандардың потенциалын дұрыс пайдаланып отырмыз ба?» деген тақырып талқыға түскен. «Болашақ» бағдарламасы аясында ең алғаш 1994 жылы бір топ қазақстандық студент білімдерін жетілдіру үшін шетелдік жоғары оқу орындарына аттанды. Алғашқы жылдары студенттеріміз әлемнің 13 елінде білім алса, бүгінде үміткерлерге әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орнында оқи алатындай мүмкіндік қарастырылған. Осы уақыт ішінде мыңдаған студенттеріміз мемлекет көмегімен шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алды. Әйтсе де бүгінгі күні олардың қаншасының мемлекетке қызмет етіп жатқаны белгісіз. Қоғамда шетелде білімін жетілдіріп келген жастар жайлы тартысты пікір де көп. Сондықтан дәстүрлі айдарымызда «Шетелде білім алып келген жас мамандардың потенциалын дұрыс пайдалана алып отырмыз ба?» деген сауал мамандар талқысына түскен.

***

Қарашаның соңына дейін қаржы полициясының қызметкерлері Петропавл әкімдігінің шенеуніктерінен құралған қылмыстық топ жөніндегі қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтауды көздеп отыр. Мамандардың есептеуіне қарағанда, бес жылдың ішінде олар 1 млрд. теңгеден астам қаржыны жымқырған көрінеді. Бұл жайында «Экспресс К» газетінің бүгінгі санындағы «Как чиновники «лимоны» с рынка таскали» атты материалда толық баяндалған.

Соңғы жаңалықтар