Жарияланды: 780

Соттың Альянс банкінің экс-басшыларына шығарған үкімі тым жұмсақ, оны бұздыру туралы шағым берілуі мүмкін – банк

Соттың «Альянс банкі»АҚ экс-басшыларына шығарған үкімі тым жұмсақ, делінген банктің ақпаратында.

««Альянс Банкі» АҚ акционерлері, кредиторлары мен басшылық органдары Алматы қалалық Медеу аудандық сотының М.К.Сейсембаев, Ж.Ж.Ертаев, И.В.Иванова, Р.А.Әбілқасымова, А.Т. Мамырбековтің қылмыстық істеріне қатысты шығарған үкімі шектен тыс жұмсақ және банкіге келтірген материалдық залалдың ауыртпалығына сәйкес келмейді деп бағалап отыр», - делінген жұма күні таратылған ақпаратта. Құжатқа сәйкес, 2011 жылғы 8 шілдеде Медеу аудандық соты қылмыстық іс шеңберінде айыпталушылардан Т177, 486 млрд көлемінде келтірілген шығын сомасын өндіріп алу жөнінде шешім шығарып, банкінің азаматтық талабын жартылай қанағаттандырды. Банк сот үкімін орындауға және осы процесті қадағалауға жауапты барлық мемлекеттік органдар, сонымен қатар, жауапқа тартылушылардың өздері де банкке келтірілген залалдың орнын толтыру үшін қажетті және түбегейлі шаралар атқаратындығына сенім білдіреді. Сот келесі банктің 4 экс-басшысын ҚР ҚК 220 бабына сәйкес («банктің ақшалай қаражаттарын заңсыз қолдану») айыпты деп таныды. Нақтыланып отырғандай, «Альянс Банкі» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Марғұлан Сейсембаевқа 2 жылға бас бостандығынан айыру (шартты түрде), 250 АЕК көлемінде (378 000 теңге) айыппұл салу, 2 жыл мерзімге банкілік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы белгіленді. «Альянс Банкі» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Жомарт Ертаевқа 2 жылға бас бостандығынан айыру (шартты түрде), 250 АЕК көлемінде (378 000 теңге) айыппұл салу жазасы тағайындалды. «Альянс Банкі» АҚ қазынашылық департаментінің бұрынғы директоры Ирина Ивановаға 500 АЕК көлемінде (756 000 теңге) айыппұл салу, 2 жыл мерзімге банкілік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. «Альянс Банкі» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Раушан Әбілқасымоваға 500 АЕК көлемінде (756 000 теңге) айыппұл салу, 2 жыл мерзімге банкілік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, «Альянс Банкі» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Әбілқасым Мамырбеков ҚР ҚК 218 бабына сәйкес («ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік Заңнамасын бұзу») айыпты деп танылды, алайдақылмыстың мерзімі өтіп кеткендіктен, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Айыпталушылар 2005-2008 жж. кезеңінде жасалған келесі қылмыстар бойынша айыпты деп танылды. Атап айтқанда, «Aquanta Corporation», «Bazora Corporation» «Serbina Limited» және «Xiliana Limited» оффшорлық компанияларының пайдасына жалпы сомасы Т160,248млрдкөлемінде заңсыз банкілік кепілдіктер беру жолымен банк активтерін шығару фактісі бойынша М. Сейсембаев, Ж. Ертаев, И. Ивановаайыпты дептанылды. ТОО «Отау құрылыс инвест LLC», ТОО «Роза ветров D&C», ТОО «Сенiмдi құрылыс компаниясы», ТОО «Жана Заман құрылыс LLC», ТОО «Омега Инвест Плюс LLC» пайдасына сомасы Т16 226млрдкөлемінде біле тұра қайтарылмайтын банкілік қарыз беру фактісі бойыншаР. Әбілқасымоваайыпты деп танылды. ТОО «Интристоль ЛТД» пайдасына сомасы Т727,45 млн көлемінде біле тұра қайтарылмайтын банкілік қарыз беру фактісі бойынша М. Сейсембаев, Р. Әбілқасымова айыпты деп танылды. Е. Жамантаевтың пайдасына сомасы Т283, 1 млн көлемінде біле тұра қайтарылмайтын банкілік қарыз беру фактісі бойынша Р. Әбілқасымова айыпты деп танылды. «Сыртқы міндеттемелер бойынша дефолт тудырған, мемлекеттің араласуын (жалпы есеппен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ банкке 129 миллиард теңге көлеміндегі сомаға капиталдандыруға мәжбүр болды) және қайта құрылымдауды жүзеге асыруды қажет еткен банкке келтірілген орасан зор шығынды ескере отырып, банк сот тағайындаған жазалау шараларын шектен тыс жұмсақ және қаржылық қылмыстардың қазіргі күні қалыптасып отырған ҚР сот іс-тәжірибесіне сәйкес қайта қарастыру қажет деп есептейді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде. Банк ҚР сот орындарында үкімге шағым беру құқығын өзіне қалдырады. Үкімге шағымдануға қатысты Банк ұстанымы келтірілген шығынды толық көлемде қайтаруға бағытталған айыпталушы тұлғалардың іс-әрекетіне тікелей байланысты болады, делінген мәтінде. ҚР Ұлттық банкінің қаржылық қадағалау комитетінің мәліметтеріне сәйкес, «Альянс банкі» АҚ активтерінің көлемі бойынша (2011 жылдың 1 шілдесінде Т546,68 млрд) алтыншы орын алады. 2009 жылдың 13 сәуірінде банк сыртқы займдарын қайта құрылымдауды қолға алғаны туралы және 2009 жылдың 19 наурызында және 10 сәуірінде өтелуге тиіс міндеттемелері бойынша дефолтқа жол бергені туралы жариялады. 2010 жылдың 30 наурызында «Альянс банк» қарызын қайта құрылымдауды аяқтағанын хабарлады. Келісімнің шарттарына сәйкес, банктің акциялары ҰӘҚ мен кредиторлардың арассында сәйкесінше 67% және 33% үлеспен бөлінді. Кредиторлар банктің $4,5 млрдқарызының $3,5 млрд-ын есептен шығарды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін