"Союз" зымыранының апатқа ұшырауына айыптылар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Союз" зымыранының апатқа ұшырауына айыптылар анықталды

"Союз" зымыранының апатқа ұшырауына айыптылар анықталды

Құрастырушылардың фамилиясы "борт журналдарында" көрсетілген.

  • 19 Қазан 2018
  • 30
Фото - Caravan.kz

Роскосмос комиссиясы мен тергеу органдары "Союз-ФГ" зымыран-тасығышы датчиктерінің бірінің зақымдануына айыптыларды анықтады, зымыран соның кесірінен 11 қазан күні апатқа ұшыраған болуы мүмкін.

"Нақты қай қызметкерлердің айыпты екені анықталып жатыр. Ағаттық жіберген адамның өзі ғана емес, оның басшысы да, қадағалаушылар да кінәлі, өйткені олардың міндеті кемшілікке жол бермеу болатын", — деп хабарлады Байқоңыр ғарыш айлағындағы дереккөз РИА Новости агенттігіне.

Құрастырушылардың фамилиясы "борт журналдарында" жарияланған, ол тергеу материалы ретінде алынды. Байқоңырдағы "Прогресс" орталығының филиалында сақталған журналдарда ғарыш айлағына әкелініп, ұшырылғанға дейін зымыранға қатысты бүкіл іс-әрекеттер жазылған. Ол операцияларды кім орындап, қадағалағаны, жұмыстардың қашан атқарылғаны көрсетілген. Самарадағы өндіруші кәсіпорынның да, Байқоңырдағы филиалдың да құжаттары тәркіленді, деп хабарлаған еді дереккөз.

Еске сала кетсек, 11 қазан күні Байқоңырда "Союз-ФГ" зымыран-тасығышы "Союз МС-10" ғарыш кемесін орбитаға шығара алмады. Зымыран-тасығыш апатқа ұшырап, ғарышкерлер отырған капсула кемеден автоматты түрде ажыратылды. Экипаж мүшелері  — ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг аман. 


Ғарышкерлер отырған капсула Жезқазған қаласынан 25 километр қашықтықта түскен.

Соңғы жаңалықтар