"Сөзімді қайтып алмаймын": Полициядан босап шыққан Қуат Хамитов тағы да мәлімдеме жасады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сөзімді қайтып алмаймын": Полициядан босап шыққан Қуат Хамитов тағы да мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

"Сөзімді қайтып алмаймын": Полициядан босап шыққан Қуат Хамитов тағы да мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов тағы да мәлімдеме жасады.

  • 16 Қыркүйек 2020
  • 351
Фото - Caravan.kz

Ол әуелгіде айтқан сөзінен қайтпайтынын жеткізді, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы

"Найман" лақап атымен танымал Қуат Хамитов Instagram-дағы парақшасында жаттығудан соңн видео жариялап, алдағы кездесуі Мәскеуде қыркүйектің 25-і күні  өтетінін айтты. 

"Менің айтқандарыма келетін болсақ, ешкімді ұрып, ешкімге оқ атудың қажеті жоқ. Есі  дұрыс адамдар оның қалжың ретінде айтылғанның түсінеді. Бірақ сөзімді қайтып алмаймын. Өз ойымда қаламын. Дезинфекция жұмыстары біз қалағандай жасалып жатқанына әлі де күмәнім бар. Сондықтан сөзімнен бас тарпаймын, әрине  мұны терроризм, эсктремизм деп ойлайтындар бар екен. Бірақ бәрі олай емес, мен жақтан  ешқандай экстремизм жоқ. Мен халықпен біргемін", — деді Қуат Хамитов.





Еске салайық, 14 қыркүйекте Қуат Хамитовтың видеосы үшін полицияға жеткізілгені хабарланған болатын. Қуат Хамитовтың тікұшақтарға оқ атуға, ұрып-соғуға шақырған видеосы таралған еді.

Соңғы жаңалықтар