СПИД-ке қарсы күрес күніне орай 400 адам қатысқан шара өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПИД-ке қарсы күрес күніне орай 400 адам қатысқан шара өтті

СПИД-ке қарсы күрес күніне орай 400 адам қатысқан шара өтті

Семейде СПИД-ке қарсы күрес күніне орай үлкен шара өтті. 400-ден астам адам орталық көшенің бойымен жүріп өтіп, көпшілікті күреске үндеді.

  • 27 Қараша 2013
  • 331
Фото - Caravan.kz


Қолдарына түрлі транспорант ұстаған студенттердің шеруі үшін тіпті, көшедегі көлік қозғалысын да тоқтатуға тура келіпті. Атаулы шараға орай, арнайы шағын машина әзірленген. «Баги» атты көліктің соңынан ілескен жастар шеруі орталық алаңға дейін жетіп, мұнда «Ғасыр дертімен күрес» символын түзегендер аспанға шар ұшырды. Жастар осылайша күш алып келе жатқан әлеуметтік кеселден сақтану керектігін тағы бір мәрте жұрттың жадына салуды көздеген.