Спиннердің денсаулыққа зияны туралы дабыл қағылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спиннердің денсаулыққа зияны туралы дабыл қағылуда

Спиннердің денсаулыққа зияны туралы дабыл қағылуда

АҚШ-та әлдеқашан тыйым салынған спиннерлер бізде керісінше трендке айналуда. Түртсең болғаны айнала жөнелетін ермекті шетелдік ғалымдар психологияға зиян деп тапқан екен. Тіпті, интернетте осы спиннерден бетті, қолды жараландық деген ақпараттар аз емес. Десе де, біздің мамандар ондай қорытынды шығаруға асықпай отыр. Сондықтан, ойыншықтың бұл түрі дүкен сөрелерінде толып тұр.

  • 27 Маусым 2017
  • 6512
Фото - Caravan.kz

Сонымен, спиннер бала денсаулығына зиян ба, жоқ па? КТК телеарнасының тілшілері осы сауалға жауап іздеп көрген.

Мираның «спиннер» десе төбе шашы тік тұрады. Екі баланың анасы  бастапқыда ұл-қызының көңілін қимай сол ойыншықты алып беріп, кейін бармағын тістеген.  

"Сабаққа кедергі келтіреді. Сабақ оқымайды балалар, сонымен ойнап отырады. Тіске зиян болуы мүмкін. Күні бойы бүйтіп отырып менің ойымша ол дұрыс емес. Сондықтан оны ата-аналар кішкене қадағалауы керек" дейді алматылық Мира Добрынина.

Спиннерден оны ойлап тапқан америкалықтардың өздері бас тартқан. Себебі, үнемі айналып тұра беретін ойыншық баланын есін аударып жібереді екен. Ал соңғы кездері оның Қытайдан шығатын сапасыз түрі қаптап, құрамынан сынап пен қоғасын табылған көрінеді.

Бала тұрмақ, ересектің өзі үйір бұл ойыншықтың саудасы қазір қызып тұр. Тіпті, дүкен сөрелеріне түспей жатып, балалар оны таласып тармасып сатып алып жатыр. Ал сатушылар мұны қауіпсіз деп сендіріп отыр. Клиентті үркітіп алудан қорқатындары соншалық, ертең бір жағдай бола қалса, өз бастарымен жауап беруге даяр екендіктерін айтуда.

"Ойыншықтың ешқандайда зияны жоқ. Зақым келтіретін жері де жоқ. Тауар сертификатталған. Сапасы үшін жауап береміз" дейді сатушы Александр Купрянов.


Спиннермен өзіміз де ойнап жүрміз деп жұбатты сатушылар. Айтуларынша, түртсең болғаны, айнала жөнелетін ермек жүйкені жақсартады екен. Ал психологтар, дөп басып еш нәрсе айта алмай отыр. Өйткені, оған зерттеу жасап көрмеген.

"Спиннерлер бізге енді келді. Сондықтан, оның психологияға кері әсері әзірге белгісіз. Бірақ, ойыншық болғандықтан соншалықты қауіпті деп айта алмаймын. Уақыт өте келе бала одан да жалығады" дейді психолог Марина Вихновская.

Ал бағасы мың теңгеден басталып, ғаламторда 100 мың долларға дейін барады. Онысы гауһартастармен көмкерілген. Спиннердің сананы жаулап алғаны сонша, атақты әншілер онымен клипке түсіп, ал жасөспірімдер ойыншықтың көмегімен сау тістерін сындырып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар