Спиннердің ең басты қаупі қандай екені анықтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спиннердің ең басты қаупі қандай екені анықтылды

Спиннердің ең басты қаупі қандай екені анықтылды

Жастар мен жасөспірімдерді былай қойғанда, ақыл тоқтатқан кейбір ересектердің де, тіпті, әлі бесіктен белі шықпаған балалардың да қолынан көруге болатын биылғы жылдың ең басты ойыншығы дейміз бе, ермегі дейміз бе, спиннердің ең басты қаупі анықталды.

  • 7 Тамыз 2017
  • 968
Фото - Caravan.kz

Мамандар аталған бұйымды абайлап ұстау керектігін ескертіп отыр. «Звезда» телеарнасының сайтына берген сұхбатында Патология орталығының бас дәрігерінің орынбасары Ольга Серебровская спиннердің пайдасынан гөрі зияны басым екенін алға тартып отыр. Ол ең алдымен ақыл-есі әлі толық қалыптаспаған, оң мен солын жөнді танымайтын баланың психикасына теріс әсер ететінін мысалы келтіре отырып жеткізді.

"Мұндай ойыншықтарды бала сағаттап айналдырып отыратындықтан бұл бір сарындылық оның санасына кері әсерін тигізеді, яғни, санасын өзгертуге алып келеді. Білдіртпей, біртіндеп өзгертеді. Бұл баланың психикасына өте зиян. Сол себепті, мен мұндай ойыншықтарды дамуды тежейтіні үшін ғана емес, сонымен қатар, бала психикасына кері әсер ететіндігі үшін тыйым салуды ұсынамын",- деді білікті дәрігер. Айтса — айтқандай, бірсарындылық адамның дамуын тежейді, жан-жақты. Адамға таным тән екенін ескерсек. 


Соңғы жаңалықтар