Спорт күні журналистер арасында шағын футболдан жарыс өтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт күні журналистер арасында шағын футболдан жарыс өтпек

Спорт күні журналистер арасында шағын футболдан жарыс өтпек

Ертең "Астана Арена" стадионында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Спорт күніне байланысты шағын футболдан турнир өткізеді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Тамыз 2013
  • 455
Фото - Caravan.kz

Оған агенттіктің, республикалық "Сарыарқа" велотрегінің, Ұлттық штаттағы командалар және спорт резерві дирекциясының, Қажымұқан Мұнайтпасұлы атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттың құрама командалары мен астаналық журналистердің "Көкжалдар" және "Арландар" командасы қатысады.

Журналистер құрама командаларының капитаны — «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Дастан Кенжалин. Турнир сағат 10.00-де басталады.