Жарияланды: 420

Спорт жаңалықтары

Алматыда Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековті еске түсіруге арналған Қазақтың спорт және туризм академиясының президенті Қайрат  Закирьяновтың жүлдесі үшін кезекті  дүбірлі  жарыс мәресіне жетті. Осымен оныншы  мәрте өткізілген  халықарлық турнирде   алматылық  студенттер үздік шықты.

Өзбекстан , Қырғызстан, Моңғолия  және кең байтақ еліміздің шартарабынан жиналған жүзден астам үміткер АИБА ережесіне сәйкес он салмақ дәрежесі бойынша өзара бәсекеге түсті.  Қылышын сүйреткен қызыл империяға қасқайып қарсы шыққан Қайрат Рысқұлбековті еске түсіруге арналған  жарыс көпшіліктің көңілінен шықты деуге болады. Турнирде студенттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әділет Қапезов, еліміздің 2010 жылғы чемпионы Мирас Жақыпов және  ел біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегері Марат Қиясов секілді  есімдері көпшілікке танымал шеберлер өнер көрсетті.

Мұстафа Қасымбеков, Қазақтың спорт және туризм академиясының кафедра меңгерушісі:

- Биылғы жарысымыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығына арналып отыр. Жастарды  патриоттық рухта  тәрбиелейтін мұндай жарыстардың маңызы біз үшін үлкен.

Жыл сайын дәстүрлі додаға өзіндік  сән беріп жүретін   өзбек пен қырғыз ағайындар биыл бас жүлдеге ілікпеді.   Олардың ішінен  финалға  сүрінбей жеткен жалғыз  қонағамыз қырғызстандық  боксшы Санжар Турдубаев күміс жүлдені місе тұтты. Ол ақтық сында тараздық студент,боксшы Аманжол Селимовке жол берді.  Ел чемпионы деген дардай атағы бар Мирас Жақыпов және талай додалардың дәмін татқан тәжірибелі шебер Әділет Қапезов те  турнирдің бас жүлдесін иемденді.

 «Ролан Гарроста» жартылай финалда өнер көрсететін теннисшілердің есімі түгел белгілі болды. Ресейлік Мария Шарапова 2008 жылғы «Австралиан Оупендегі» соңғы жеңісінен кейін алғаш рет «Улкен дулыға» турнирінің ақтық сынына жақындай түсті.

Төрттен бірінші финалда Шарапова неміс Андреа Петковичпен кездесті. 6:0, 6:3 есебімен жеңіске жеткен Шарапова өз ойынына көңілі толатынын айтады. Енді жартылай финалда оның қарсыласы қытайлық Ли На болмақ. Ол өз кезегінде беларус қызы Виктория Азаренкодан айласын асырды. Тартысты матчтың нәтижесі 7:5, 6:2. Ерлер арасындағы сында жартылай финалға шыққан Роджер Федерер мен Новак Джоковичтің қатарына Энди Маррей де қосылды. Ол аргентиналық Хуан Игнасио Челаны 7:6, 7:5, 6:2 есебімен ұтты. Сонымен қатарбұл күні әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль да жеңімпаздар қатарынан табылды. Ол швед Робен Содерлингті 6:4, 6:1, 7:6 есебімен қапы қалдырды.

Франция Ашық біріншілігінің жұптық сынында жартылай финалға жеткен Ярослава Шведова жарыс жолынан шығып қалды.

Америкалық Ваниа Кингпен тізе қосқан жерлесімізді финалдық жолдамадан қаққан чех жұбы болды. Андреа Главачкова мен Люси Градецка қос сетте де 6:3 есебімен жеңіске жетті.

NBA-дың төрт дүркін чемпионы, кезінде атақты Чарльз Баркли мен Майкл Джордонға қарсы ойнаған Шакил О'Нил баскетболдан кететінін мәлімдеді. Олимпиада және әлем чемпиоанатының жеңімпазы АҚШ біріншілігінде 19 маусым өткізген.  

39жастағы баскетболшы интернет желісі арқылы  жанкеүйерлеріне былай деді: «Барлығыңызға көп рахмет айтқым келеді. Баскетболға 19 жыл ғұмырымды арнадым. Ендіөзімнің спорттан кететіндігім жайлы хабарлаймын».О'Нил қазіргі баскетболда 90-жылдардағы кезеңнен қалған жалғыз ойыншы еді. «Лейкерс» пен «Майами» сапында ойқастаған оның шырқау шегі жеткендігі соңғы уақытта жиі клуб ауыстыруынан байқалған болатын. Оған қоса атақты баскетболшыны жарақаты да мазалаған көрінеді. Баскетбол алаңынан бөлек Шакил О'Нил 4 рэп альбомын жазып, киноға да түскен.

Алдағы сенбі күні әлемнің түкпіртүкпірінде бірқатар жолдастық кездесулер өткізіледі. Соның ішінде әлемнің ең мықты құрамаларының бірі - Бразилия мен Нидерланды командалары өзара мықтыны анықтайды.

Матч Бразилияның Гояния қаласындағы "Серра-Дорада" стадионында өтеді. Бұл командалар соңғы рет әлем чемпионатының ширек финалында кездескен болатын. Сол матчта Голландия Бразилияны 2:1 есебімен ұтқан. Нидераландтықтардың бас бапкері Берт ван Марвейктің жариялаған тізіміне 23 ойыншы енген. Оның ішінде ван дер Вил, Афеллай, Де Йонг,  ван Перси, Роббен секілді танымал футболшылар  бар. АлИталия кубогының финалында жарақат алған Уэсли Снейдер  ойынға қатыса алмайды. Сонымен қатарбұл күні АҚШ пен Испания құрамалары өзара кездеседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть