СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Қостанайдың “Тобылы” кем дегенде тағы бір жылға Еуропа чемпиондар лигасымен қоштасты. Еуро кубок аясында Словакияның “Слованымен” күш байқасқан  жерлестеріміз екі ойын нәтижесі бойынша турнирден тыс қалды. Сырт алаңда 2:0 есебімен ұтылған қостанайлықтар, өз жанкүйерлері алдында өткен қарымта матчта тең түсті. Есеп 1:1.

  • 21 Шiлде 2011
  • 394
Фото - Caravan.kz

Көпкүндік велодода “Тур де Франстың ” 16- кезеңінде бас жүлдені норвегиялық Тор Хушовд иемденді. Негізінен тегіс аймақ арқылы өрбіген бүгінгі жарыс жолында велошабандоздарды 2-ші дәрежелі асу күтіп тұрды.

16-кезеңді спринтерлердің бәсекесімен аяқталады деп күткендер қателесті.  Бүгінгі жарыс жолында орын алған тартысты екі актіден тұратын сахналық қойылым деп қарасақ, бәрі жай-жайымен өз орнына келе қалады. Оның біріншісі — пелотоннан ұзап шыққан кіші-гірім топтың ішінен амалын тауып мәреге оза жеткен екі бірдей норвегиялық Тор Хушовд пен Эдвальд Хаген және олардың бұрынғы отандасы канадалық норвег Райдер Хешедальдың қатар шапқаны. Бұл  бөлімді қоя тұрып, екінші актіге көңіл бұрсақ, қызықтың бәрі осында екенін түсінесіз. Өйткені жол бойы пелотонды алға сүйреген бас тізімнің лидерлері мен олардың шашбауын көтерген грегорилар екінші дәрежелі асуда өзара бәсекені бастап жіберді. Міне, осы тұста тікесінен тік тұрып педальды шыр айналдыратын әйгілі “Контадор биіне” куә болдық. Жарыс басталғалы бері, ерден бір-екі рет ауып қалғаны болмаса аса көзге түсе қоймаған мәртебелі доданың үш дүркін жеңімпазы, өз кезегін күткен екен. Алғашқы шабуылына тойтарыс берген жолсеріктерінің көзін ала беріп алға қайта ұмтылған Контадордың соңынан  Кадель Эванс пен Самуэль Санчес қана ілесіп үлгерді.  Ағайынды Шлектер мен үстіне сары жейде киген Томас Феклер, Иван Бассо һәм Дамиано Кунего оларды көз қиығымен шығарып салып қала берді. Түптеп келгенде Альберто Контадор бүгінгі белсенді әрекетінен көп ұтпаса да өзінің алдағы асуларда күреске дайын екенін басқаларға байқатқандай. Жалпы есептің лидері Томас Феклер мен онымен мәреге қатар жеткен мықтылар Контадорға 21-секунд ұтылды. Ал, алғашқы бөлімге нүкте қойып кетсек, өзара бір байламға тоқтаған қос норвегиялық Тор Хушовд пен Эдвальд Хаген бірінші-екінші орындарды бөліссе, канадалық Райдер Хешедаль үшінші орынды місе қылды.


Уругвай құрамасы Америка кубогының финалында! Жартылай финалдық бәсекеде Перудің қақпасына жауапсыз қос гол соққан Уругвай мәртебелі  кубокті 15-ші мәрте жеңіп алуға бір табан жақын.

Ойынның алғашқы бөлігінде есеп ашылмағанмен, жасыл алаңдағы тартыс қызықты өтті. Диего Форлан бастаған Уругвай құрамасы үзілістен кейін ерледі. «Ливерпульдің» шабуылшысы Суарес айналдырған 5 минут көлемінде Перу қақпасын екі мәрте дәл көздеп, кездесудің үздік футболшысы атанды. Ал өз кезегінде уругвайлық қорғаушы Себастьиян Коатесаны шынтағымен ұрған Перу копитаны Хуан Варгас 69-минутта қызыл қағаз алып, командасын қиын жағдайда қалдырды. Ал Уругвайдың финалдық қарсыласы ертең Парагвай мен Венесуэла арасындағы кездесуде анықталады.

Каталондық «Барселона» құрамын одан әрі күшейтіп жатыр. Лондондық «Арсеналдың» лидері Сеск Фабрегас келесі аптада «Барселонаға» ауысып қалуы мүмкін. 

Лондондық клубтың бас жаттықтырушысы Арсен Венгер рұқсат бергеннен кейін Фабрегас Отанында өнер көрсеткісі келетінін де жасырмаған. Қазіргі уақытта «Барселона» басшылығымен келіссөз аяқталуға жақын. Естеріңізге сала кетсек «Арсенал» жартылай қорғаушы үшін 45 миллион еуро сураған. Ал каталондықтардың Фабрегасты қаншаға бағалағаны әзірге белгісіз. Ал Арсен Венгер қазірдің өзінде Фабрегастың орнын басатын футболшы тапқандай. Ол «Вест Хэмнің» жартылай қорғаушысы Скотт Паркер болмақ.

Соңғы жаңалықтар