СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Қарағандылық “Шахтер” чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында албанияның “Скендербеу” командасына сырт алаңда 3:2 есебімен жеңілгеніне қарамастан келесі кезеңге шықты. Қазірде плей-офф кезеңінде бізге қарсылас атануы мүмкін командалар да іріктеліп қалды.

  • 8 Тамыз 2013
  • 235
Фото - Caravan.kz

Қарағандылықтардан бөлек бұл сынға швейцарияның “Базель”, румынияның “Стяуа”, словенияның “Марибор” және болгарияның “Лудогорец” командалары шығып отыр. Бұл кезеңде “Маккаби” мен “Базель” арасындағы матч аса тартысты өтті. Бірінші кездесуде 1:0 есебімен швецариялықтар басым түскен. Алайда қарымта матчта израильдіктер 3:0 есебімен жеңіліп жатып, ойын соңына дейін таразы басын теңестіріп үлгерді. Бүгін сондай-ақ тағы үш жеңімпаз команда анықталмақ. Ал “Шахтердың” қарсыласын біз 9-шы тамызда өтетін жеребеден білетін боламыз.  

 

 

Аргентиналық Лионель Месси, француз Франк Рибери және португалдық Криштиану Роналду- Еуропаның үздік футболшысы атануға үміткерлер. УЕФА бұл үш футболшыны ішкі чемпионат пен еурокубокта көрсеткен нәтижелеріне қарай іріктеп алған.

Жеңімпаздың есімі 29-шы тамызда Монакодағы чемпиондар лигасының жебере тарту рәсімінде белгілі болады. Еуропаның үздігін УЕФА-ға мүше 53 елдің журналистері анықтайды. Бұл жүлдені 2011-ші жылдан бері еуропалық спорт басылымдары мен футбол қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырып келеді. Месси өткен маусымда 46 гол соғып,  “Барселонамен” Испания чемпионы атанды. Роналду 12 голмен чемпиондар лигасының үздік сұрмергені болған. Ал Рибери “Баварияға” чемпиондар лигасын жеңуге үлес қосты.        

 


 

Қазақстан құрамасы баскетболдан Азия чемпионатында қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты. Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан бәсекені біздің жерлестеріміз сәтті бастаған болатын.

Бірақ екінші топтық кезеңінің үшінші матчында құрамамыз Иранға ірі есеппен жол берді. Ойынды толық бақылауында ұстаған Иран құрамасы лайықты жеңіске жетті. Қортынды есеп 85:53. Бұған дейін біздің жігіттер 47:71 есебімен Оңтүстік Кореяға оңбай ұтылды. Сондай-ақ  67:73 есебімен Қытайға да есе жіберген едік. Әзірге Қазақстан еншісінде жеті ұпай. Ал Иран 10 ұпаймен көш басында.