СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Вуэльтаның» 10-кезеңінде мәре сызығын екінші кескен  «Астананың» лидері Винченцо Нибали, жалпы есепте екінші сатыға көтерілді. Ал 186 шақырымды құраған кезеңнің бас жүлдесін америкалық велошабандоз Кристофер Хорнер иеленді.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 210
Фото - Caravan.kz

Осы жеңістен кейін үстіне лидердің қызыл жейдесін киген «РадиоШактың» өкілі  жалпы есепте бірінші орынға шықты. Бүгінгі сында  өзгелерді шаң қаптырып кете барған Хорнер,  таулы –белестер арқылы  өрбіген жарыс жолын 4 сағат 30 минут 22 секундта еңсерді.  Көмбеге екінші жеткен  Винченцо Нибали  жеңімпазға 48, ал алғашқы үштікті түйіндеген Алехандро  Вальверде 1 минут 2 секунд ұтылды.  Аттай он кезеңді артқа тастаған  велошабандоздар бүгін демалуда. Ал сәрсенбі күні  ерге қайта отыратын үміткерлер жекелей сын бойынша уақытқа жарысатын болады.  

 

 

Бітіспес қарсыластар  Роджер Федерер мен Рафаэль Надаль,  биылғы US оупенде өзара кездеспейтін болды. 1/8 сында испаниялық Томми Робредодан ұтылған швейцариялық шебер  ширек финалға жете алмай кетті.

Тура екі сағат жиырма минутқа жалғасқан үш сеттегі  бәсеке 7:6, 6:3 және 6:4 есебімен пиренейлік теннисшінің жеңісімен аяқталды.Егер ойын тағдыры басқаша шешілгенде  ширек финалда Рафаэль Надаль мен Роджер Федерер арасындағы тартысқа куә болар едік. Өз кезегінде неміс Филипп Кольшрайберден мерейін асырған  Надаль мақсаттың үдесінен шығып келеді. Сонымен алдағы ширек финалда Роджер Федерерді күтіп жүрген Рафаэль Надаль, енді  Томми Робредомен күш сынасатын болды.   

 


 

Ерлер арасындағы  жоғары санаттағы жарыстарда  боксшылар шлемсіз өнер көрсететін болды. Халықаралық бокс қауымдастығы осындай шешім қабылдады.  АЙБА-ның жаңа ережесі 1- қыркүйектен бастап күшіне енді.

Бұл әуесқой бокстағы жалғыз жаңалық емес. Жаңадан енгізілген  өзгерістер бойынша ерлер арасындағы ірі турнирлерге үш төреші әділ-қазылық  жасайды.  Яғни  жекпе-жектің  жеңімпазы төрешілердің  жазбаша түрдегі баға беру  жүйесі  негізінде   анықталады.  Енді бұрынғыдай  басқа тиген дәл соққылар емес, әрбір   раундтағы жеңістер саны есепке алынады. Бұдан шықты осы күз Алматыда өтетін кезекті әлем чемпионатында, боксшылар шаршы алаң төріне  шлемсіз шығатын болады.