Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

22-ші  наурыз күні Алматыда  «DIAMOND FIGHT –ДОСТЫҚ» айдарымен спорттық жекпе-жектер турнирі өтеді. Ресейлік  проумотерлік компания ұйытқы болған  турнирде  ММА, К-1 және тайбокс бойынша 11 жекпе-жек жоспарланған. Кештің  орталық бәсекесінде жерлесіміз Шахмарал Жетпісов пен ережесіз жекпе-жектен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, грэпплингтен төрткүл  дүниені сегіз рет мойындатқан америкалық Джефф Монсон  кездеседі.

  • 26 Ақпан 2014
  • 220
Фото - Caravan.kz

 

Бүгін футбол жанкүйерлерін ұйқысыз түн күтіп тұр. Біздің арна чемпиондар лигасының 1/8 кезеңі аясында қос матчты тікелей эфирде көрсетеді. Ресейлік “Зенит” дортмундттық “Боруссияны” қабылдаса, “Манчестер Юнайтед” “Олимпиакосқа” қонаққа барады.

Өз тарихында плей-офф кезеңіне екінші рет шыққан петерборлық клуб жаңа маусымға дайындық үстінде. Ал дортмундттықтар үшін Бундеслигада бас жүлденің ауылы алыс. “Бавариядан” 20 ұпай артта қалған “Боруссия” үшінші орында. Тіпті Юрген Клопп шәкірттері соңғы турда “Гамбургқа” 3:0 есебімен жеңілген болатын. Қонақтар сапында Неван Суботич, Якуб Блашчиковски, Свен Бендер сынды негізгі құрамның ойыншылары жарақатына байланысты алаңға шықпайды. “Зенит” құрамында Мигель Данни мен Кристиан Ансальди алдағы матчқа қатыспайды. “Зенит” пен “Боруссия” арасындағы бәсекені біздің арна 23:00 де тікелей эфирде көрсетеді. Ал 1:45 те “Олимпиакос” пен “Манчестер Юнайтед” арасындағы кездесуді жіберіп алмаңыздар.

 


Футболдан Испания чемпионатында 25-ші турдың соңғы матчында “Эспаньол” өз алаңында “Вильярреалды” қабылдап 1-2 есебімен қонақтарға жол берді.

Ойынның 36-шы минутында Мойсес Гомес қонақтарды алға шығарды. Үзілістен кейін “Вильярреалдың” франциялық шабуылшысы Жереми Пербет есепті еселей түсті. Ал алаң иелері сапында жалғыз голдың авторы екінші таймда алаңға шыққан Джон Кордоба. Осы турдан кейін “Вильярреал” 43 ұпаймен турнир кестесіндегі 5-ші орынды сақтап қалды. Ал “Эспаньол” 32 ұпаймен тек 10-шы орында. Көш басында мадридттық “Реал”.