Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Вуэльта Мехико көпкүндігінде қазақ велошабандоздары ерлеп тұр. Артта қалған үш кезеңнің  нәтижесі бойынша суырылып алға шыққан  Мақсат Аязбаев, генеральдық тізімде көш бастады.

  • 8 Наурыз 2014
  • 143
Фото - Caravan.kz

Бейсенбі күні  велокеруен мұхит бетінен 2000 метрлік биіктікті орналасқан таулы жолдарды басып өтті. Бұл аз болғандай әбден  діңкелеген шабандоздарды көмбе алдында тағы  екі бірдей 1-ші категориялы асу күтіп тұрды. Осы ауыр да күрделі кезеңде мәреге бірінші жеткен колумбиялық Диего Очоа «корольдік» кезеңнің  жеңімпазы атанды. Осыдан бір күн бұрын тұғыр төріне көтерілген жерлесіміз Мақсат Аязбаев он жетінші нәтиже көрсетті. Бірақ үш кезең қорытындысы бойынша үстіне сары жейде киген Мақсат жалпы есепте көш бастап тұр. Командалық есептегі жағдайымыз да жақсы. Әзірге  біздің Астана үшінші орында.

 

Өз алаңында Пеназаның «Дизельін» 5:2 есебімен ұтқан   Өскемендік «Қазцинк — Торпедо», үш кездесуден кейін  2:1 есебімен алға шықты.  Сылбыр басталған матчтың бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ.

Есесіне  бәсекенің екінші бөлігі өте нәтижелі болып шықты. Бірінші болып есеп ашқан қонақтар,   соңынан қатарынан төрт шайба жіберіп алды.  Торпедоның  сапында Юрий Сергиенко, Владимир Жмаев,Андрей Огородников және Александр Казначеев көзге түсті. Шешуші кезеңде жағдайды түзетуге күш салған қонақтар  тек бір голмен шектелді.   Қарап қалмаған Торпедо артынша бесінші голды тоғытты. Қорытынды есеп 5:2.

 


Әйгілі испандық футболшы Рауль Гонзалес үлкен спортпен қош айтыспақ. Қазіргі уақытта катардың “Аль-Садд” клубында өнер көрсететін ардагер шабуылшы маусым соңында өз карьерасын аяқтамақ.

36-жастағы футболшы 1994- 2010-шы жыл аралығында мадридтық «Реал» сапында өнер көрсеткен. “Корольдік” клуб құрамында Рауль 3 рет Чемпиондар Лигасын, 6 рет Испания чемпионатын және 4 рет Испания Суперкубогін жеңіп алды. Кейін Германияның «Шалке» клубында екі жыл доп теуіп, 2013-ші жылдан бері Катардың «Аль-Садд» клубында өнер көрсетіп келеді. Ұлттық құрама сапында шабуылшы 102 ойын өткізіп, 44 гол соққан. Катарлық клубтың басшылығы Раульды тағы бір маусым қалуына өтінген болатын. Бірақ футболшы түбегейлі шешім қабылдапты.