Енді әлемнің үшінші ракеткасы СтанисВавринка Андрей Голубевпен, ал РоджерФедерер Михаил Кукушкинмен өзара мықтыны анықтамақ. Ал 5 ші сәуірде Роджер Федерермен Станислас Вавринка жұбы Александр Недовесов пен Евгений Королевқа қарсы ойнайды. Майамидағы турнирдан кейін біраз тыныққан Роджер Федерер Полэкспокортына кеше кешкісін жетті. Баспасөз маслихатында сөз алған ол Қазақстанға қарсы аянып қалмайтынын жеткізді.
Роджер Федерер,Швейцария құрамасының ойыншысы:
-Бәрі өте тамаша. Дегенмен Дэвис кубогында барлығы болуы мүмкін. Бізді фоварит санағанымен мен олай ойламаймын.
Өз алаңында Дортмундтық «Боруссияның» қақпасына жауапсыз үш доп соққан Мадриттің «Реалы» чемпиондар лигасының жартылай финалына бір табан жақындай түсті. «Сантьяго Бернабеудегі» матчтың 3- минутында Карим Бензема ұйытқы болған комбинацияны голға асырған Гарет Бэйл есеп ашты.
Көп ұзамай қақпа алдындағы қарбалас кезінде асып-саспаған Иско таблодағы есепті еселей түсті. Осы қарқынды жоғалтпаған король клубы кездесудің екінші таймында «Боруссияны» үшінші рет ойынды ортадан бастауға мәжбүр етті. Бұл жолы команда лидері Криштиану Роналду көзге түсті. Қарымта матч 8-сәуір күні Дормундтағы «Сигнал Идуна Парк» стадионында өтеді. Алдағы бәсекеде «Боруссия» «Реалдың» қақпасына кем дегенде жауапсыз үш гол соғуы тиіс.
Осы күні өткен екінші ширек финалдық матчта да қақпаға түскен голдар саны аз болған жоқ. Париж маңындағы әйгілі «Парк де Пренс» стадионында жергілікті «ПСЖ» 3:1 есебімен «Челсиден» басым түсті.
Кездесудің алтыншы минутында «Челсидің» қақпасынан саңлау тапқан Эсекиэль Лавесси көрермендердің көңілін бір көтеріп тастады. Бірінші таймның ортасында алаң иелері тарапынан ойын тәртібі бұзылғанын анықтаған төреші он бір метрлік айып добын белгіледі. Пенальтиді мінсіз орындаған Эден Азар өз мүмкіндігін бос жіберген жоқ. Бірақ кездесудің 61- минутында өрескел қателікке жол берген қонақтардың қорғаушысы Давид Луиз автоголдың иесі атанды. «Челсидің» қақпасынан табылған үшінші голды Хавьер Пасторе салды. Қарымта матч 8-сәуір күні Лондонда өтеді.