Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Көптен күткен тарихи кездесу.  Осы сәтте еліміздің ұлттық құрамасы Дэвис кубогының ширек финалында Роджер Федерер бастаған азулы Швейцария құрамасымен кездесуге дайындалуда.   Бұл бәсекеніасыға күткен жергілікті жанкүйерлер 16 мың адам сиятын Полекспо стадионына жиналған. Тенисшілермізбен бірге Швейцарияға жолы түскен тілшіміз Елдос Сапарғали жалғастырсын.

  • 5 Сәуiр 2014
  • 276
Фото - Caravan.kz

Таң сәріден «Полэкспо» кассасында қарбалас. Арманға айналған билетке қолжеткізуге барлығы асық. Бұған дейін бос орын қалмады деген ұйымдастырушыларжарыс күні тағыда арнайы билеттердісатылымға шығарды. Мұны естіген жергіліктіжанкүйерлер үзын сонар кезекке тұрды.

— Матч басталуға әлі бірнеше сағат бар.Дегенмен теннис десе ішкен асын жергеқоятын швейцариялықтар бұл маңда толыпжүр. Олардың арасында Қазақстандықжанкүйерлер де жоқ емес.

Еуропаныңтүкпір түкпірінен келген шетелдіктерұранды да ұмытпапты.

-Алға Қазақстан!!!!

Жергіліктіхалықтың көпшілігі Дэвис кубогы сияқтыайтулы шарадан ешқашан тыс қалмай екен.Қазақстандық тенисшілердің ойынын бұған дейін декөргенмін. Біздің Роджер мен Станисласқалайық қарсылас екеніне еш шүбә келтіреалмаймын.

-Бірнеше сәттен кейін Дэвис кубогыаясындағы алғашқы матч басталады. ҚазірАндрей Голубев пен Станислас Вавринкажаттығу жасап жатыр.

Бұл бәсекеден кейін кортқа даңқты РоджерФедерер мен Михаил Кукушкин шығады.Әзірге жігіттерімізідің аяқ алысы жаманемес.

 

Баскетболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогының жеңімпазы анықталды.  Көпшілік күткендей биылғы додада тағы да  «Астана»  клубы  жеңіске жетті.  Еліміздің бас қаласында өткен ақтық сында  астаналық гулливерлер 88:76 есебімен «Қапшағайдан» алда болды.

  Финалдық матчты сәтті бастаған қонақтар мүмкін болса, есепті ұлғайта түсуге барын салып бақты. Олардың бұл әрекеті ойын барысын мейлінше ушықтыра түсті. Бірақ жиған-тергені мол алаң иелері уақыт өте бұл матчта кімнің мықты екенін анық байқата бастады.  Айналып келгенде  ел кубогын иеленген «Астана»,   жаңа маусымдағы алғашқы жүлдені тақымға басты. Турнир соңынан  әділ-қазылар алқасы, бес номинация бойынша кубок жолындағы жарыстың үздік бес ойыншысын анықтады. Олар — Джерри Джонсон, Янис Блумс, Патрик Калатес ( бәрі «Астана» клубы ), Желенис Эдгарас (Атырау Барыстары ) және қапшағайлық Дмитрий Свиридов.

 


«Астана» велоклубының  шабандозы Андреа Гуардини, де Панне көпкүндігінің үшінші кезеңінде  екінші орынды иеленді.  Италиялық шабандоздың  жоғары орыннан көрінуіне командалас әріптестері Руслан Тілеубаев пен Валентин Иглинскийдің көмегі көп болды.

Гуардиниді ортаға алған қос шабандоз, мәреге жеткенше өзгелерден қорғаштап келді. Әдетте көмбеге жақындаған сайын спринтерлер арасында  позициялық тартыс күшейе түсетіні белгілі. Мұндайда тасқын судай жөңкіген  пелотон ішінен суырылып алға шығу жалғыз қалған  шабандозға оңай тимейді. Бүгінгі спринтте Гуардиниден  сәл ертерек қимылдаған италиялық  Саша Модоло екінші кезеңнің үздігі атанды.  Ал, үшінші орынды   голландиялық Кенни Роберт Ван Хуммел  иеленді.