Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Бүгін «КТК» арнасында футбол жанкүйерлерін ұйқысыз түн күтіп тұр. Чемпиондар лигасының жартылай финал аясындағы қарымта матчта Мюнхендік «Бавария» өз алаңында Мадридтық «Реалды» қабылдайды.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 268
Фото - Caravan.kz

Алғашқы ойында Мадридтық клубтан жеңіліс тапқан Хосеп Гвардиола командасы Мюнхенде есе қайтаруға тырысатыны анық. Деседе «Корольдық клубта» қарап қалмас. Жарақатынан айыққан Криштиану Роналду мен Гарет Бейл алғашқы минуттан-ақ өз командасына көмектесуіне тас түйін дайын. Сонымен «Бавария» мен «Реал» арасындағы қарымта кездесуді біздің арнадан түнгі сағат 00:45-те  тікелей эфирден жіберіп алмаңыздар.

 

Соңғы жылдары  спорт сүйер қауымның ережесіз жекпе-жекке деген қызығушылығы  артып келеді. Жаужүрек жігіттерді еліктірген  бұл өнердің шыңы- UFC. (ЮФСИ)  Қазақшалап жеткізсек аталмыш  ұйым «Сарбаздардың абсолюттік чемпионаты» деп аталады.  Маусым айының соңында чемпиондардың чемпионын анықтайтын осы турнирде  тұңғыш рет алаштың азаматы өнер көрсетпек.  Ол жігіттің аты-жөні Жұмабек Тұрсын.   

 


Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы Италияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Бұл кездесу Ари Пекка Селин командасы үшін әлем чемпионаты алдындағы дайындық.

Ал Құрлықтық Хоккей Лигасының плей-офф кезеңінде шиеленіс жоғарылай түсті. Төрт жеңіске дейін жалғасатын серияда  Праганың “Лев” клубы Магнитогорскінің “Металлургін” ұтып жалпы есепті теңестірді. Матчтың негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ. Шабуылда сәтті ойнаған қос команда оңайлықпен берілмеді. Тартысқа толы үш кезеңдегі есеп 4:4. Ал овертаймда өз жанкүйерлерінің қызу қолдауымен жігерленген айдын иелері жеңіс шайбасын соқты. Енді шешуші бәсеке ертең Магнитогорскте өтпек.