Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының  финалында тұңғыш рет  бір қаланың намысын қорғап жүрген командалар кездеспек. Олар Мадридтік  «Реал» мен  «Атлетико». 

  • 2 Мамыр 2014
  • 267
Фото - Caravan.kz

Король клубы  бундеслига үздігі «Баварияны» басып озса, кеше аяқталған екінші жартылай финалда «Атлетико» лондондық  «Челсиді»  жер қаратып кетті.  Сырт алаңда тең ойнаған Жозе Моуриньо шәкірттері  өз алаңында   1: 3 есебімен ұтылар деп кім ойлаған. Бірақ  Лондон төрінде жергілікті футболшыларды шыр көбелек айналдырған «Атлетико»  тамаша жеңіске жетті.  Кездесудің 36-минутында  Торрес есеп ашқанымен одан әрі бәсеке тек бір бағытта өрбіді. Командалық ойынның тамаша үлігісін көрсеткен «Атлетико» кездесу соңына дейін  алаң иелерін үш рет қапы қалдырды. Естеріңізге сала кетейік  Еуропа чемпиондар лигасының ақтық матчы  24 мамыр күні  Лиссабондағы «Эштадиу да Луш» стадионында өтеді. 

 

Ақтық сында  Праганың «Лев» клубын артқа тастаған  Магнитогорскілік «Металлург» Гагарин кубогының жеңімпазы атанды.  Мәртебелі кубоктың тағдыры Магнитогорскіде өткен жетінші матчта  шешілді. 

Жергілікті  жанкүйерлердің демеуімен үнемі алға ұмтылумен болған «Металлург» бүгінгі бәсекеде бар өнерін ортаға  салды.  Олардың бұл әрекеті бекер кеткен жоқ.  7:4 есебімен жеңіске жеткен алаң иелері,  жеті кездесуге  жалғасқан финалдық серияда үздік шықты. Осы жылы «Шығыс конференцияда топ жарған «Металлург», КХЛ тарихында   мәртебелі кубокты иеленген төртінші команда атанды. Бұған дейін  Гагарин Кубогын  «Ақ Барыс», «Салават Юлаев» және Мәскеулік «Динамо» иеленген.


 

Шайбалы хоккейден еліміздің ұлттық құрамасы  әлем чемпионаты қарсаңында Италиямен екі жолдастық матч өткізді. Алғашқы ойында   1:3 есебімен Италия ұтса, бүгінгі бәсекеде жерлестеріміздің жолы болды. Есеп 2:4.  Алдағы демалыс күндері Қазақстан құрамасы Франциямен тағы  екі жолдастық кездесу өткізеді.