"10 айдың нәтижесі бойынша біздің жалақы ел бойынша алғанда ең төмен емес, 73 400 теңге, жоғары да емес, иә, біз соңында қалып отырмыз", деді С. Ескендіров жұмада президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Әкімнің айтуынша, көрсеткіштердің төмен болуы аграрлық саладағы еңбек ерекшеліктеріне байланысты.
"Жалақы алатындар деп тіркелген жалдамалы қызметкерлердің 44% ауыл шаруашылық саласында істейді. Мұндағы басты проблема-село тұрғындары жыл бойы жұмысбасты болмайды", деді ол.
"Халық жыл бойы жұмыспен қамтылуы үшін бізге мал шаруашылығын дамыту керек", деді ол.