Жарияланды: 1300

СҚО Архангельское ауылындағы патша ескерткіші құлатылды

СҚО Архангельское ауылындағы патша ескерткіші құлатылды

Солтүстік Қазақстан облысында Архангельское ауылында 9 тамыз күні екінші рет Николай ІІ патшаның ескерткішін құлатып тастады, деп жазады ratel.kz/. 

Бұл жолы патша ескерткіші түгелдей құлатылды. 

Архангельское ауылындағы шіркеу ежелден бері келе жатыр. Тіпті Николай ІІ патша жолай бұл ауылға кіріп, иконаны сыйға беріп кеткен екен. 1937 жылы шіркеуді бұзып тастады, ал бірнеше жыл бұрын Солтүстік Қазақстан тұрғыны Петр Вагнер сол жерді сатып алып, өзінің бұрынғы іргетасына ескерткішті қайта тұрғызды. Патшаның ескерткіші 31 шілде күні ауыл әкімі, облыстық департаменттің діни өкілі, жергілікті шіркеу басшысының қатысуымен тұрғызылған болатын. 

Ал 9 тамыз күні ауылға облыс әкімінің екі орынбасары Айдарбек Сапаров пен Владимир Бубенко келіпті. Олардың қасында қарапайым азаматтың киімін киген полиция басшысы мен облыстық әкімдіктің қызметкерлері де бар. Келген қонақтар Николайдың әйгілі емес екендігін, оның ескерткіші жұртшылықтың наразылығын тудырып, ұлтқа бөліне бастайтынын айтыпты. Соның нәтижесінде ескерткішті құлатып тастапты. Айта кететіні, жеке аймақта орналасқан бұл ескерткіш үшін кәсіпкер Вагнер 2 миллион тенгеден астам қаржы жұмсаған екен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін