СҚО монополистеріне газ бен жарық бағасын көтеруге рұқсат берілмеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО монополистеріне газ бен жарық бағасын көтеруге рұқсат берілмеді

СҚО монополистеріне газ бен жарық бағасын көтеруге рұқсат берілмеді

«Севказэнергосбыт» ЖШС және «Солтүстік Энерго Орталық» ЖШС-нің 1 сәуірден бастап тарифті көтеру туралы өтінімдері қараусыз қалдырылды. 

  • 3 Сәуiр 2017
  • 269
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.  

«Аталған субъектілер әлеуметтік маңызы бар нарықтағы баға белгілеу ережелеріне сәйкес, департаментке 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап жоғарыда көрсетілген қызметтер тарифін көтеру туралы хабардар етті. Кәсіпорындар қажетті материалдар мен есептерді әкелмегендіктен, департамент ереженің 9 пунктіне сәйкес хабарламаны қараусыз қалдырды», — деп түсіндірді антимонополиялық мекеме. Еске сала кетсек, Солтүстік Қазақстан облысында  «Севказэнергосбыт» ЖШС электр энергиясы бағасын 3,8%, «Солтүстік Энерго Орталық» — 5% көтеруді жоспарлаған еді. «Горгаз-сервис» ЖШС тарифті 29,5% көтеруді қарастырған.



 

Соңғы жаңалықтар