СҚО вирустық гепатитке қарсы тұру үшін жергілікті бюджеттен 47 млн теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО  вирустық гепатитке қарсы тұру үшін  жергілікті бюджеттен 47 млн теңге бөлінді

СҚО вирустық гепатитке қарсы тұру үшін жергілікті бюджеттен 47 млн теңге бөлінді

Астана. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында вирустық гепатитке қарсы егілетін 17 мың дана вакцинаны сатып алу үшін, жергілікті бюджеттен 47 млн теңге бөлінді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау департаментінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Қараша 2007
  • 473
Фото - Caravan.kz

«Гепатит А қарсы ең тиімді тәсіл вакцинация жасау. Гепатитті алдын алу шаралары қолға алынғанда, бірінші кезекте мектеп оқушылар мен студеттерге егіледі», — деп хабарлады департаменттегілер.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметтері бойынша, гепатит А ауруының өршу және бәсеңсу аралығы 6-7 жыл. Соңғы өршу СҚО 2000 жылы байқалған. Жеті жыл өткендіктен, енді эпидемиологтар бұл кеселдің қайта қозуы мүмкін деп жағдайды бақылауға алған.

«Іс жүзінде кесел 3 пен 10 жас аралығындағы балармен қоса ересек адамдарға да таралады. Алайда, қобалжудың жөні жоқ, ең бастысы- жеке тазалықты сақтау керек», — деп ескертті денсаулық сақтау департаменті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті