«Серебряный бор» мен «Заря» лагерлерінде астан ұшынған жеткіншектердің саны 100-ден асып жығылды. Барлығына дизентерия мен сальмонеллез диагнозы қойылған. «Серебряный борда» қауіпті ішек таяқшаларын демалушылар лагерь аспазынан жұқтырса, «Заряда» ауруды сапасыз тауық етіндегі сальмонелла бактериялары қоздырған. Жалпы, бұл лагерлердегі 10 күндік демалыстың құны 15 мың мен 30 мың теңге арасында. Бастапқыда тек төлеген сомаларын ғана қайтаруды талап еткен ата-аналар, енді 150 мың теңгеден талап етіп отыр.
Марат Жаксенбин, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы:
-Қазіргі таңда 11 адам өздерінің өтініштерімен келіп,өздеріне қалай көмектесу керек, біздер өзіміздің консультациямызды беріп жатырмыз. Қазіргі таңда 1 млн 500мыңнан астам теңгеге сомаға өздерінің арыздарын беріп отыр.