СҚО-да бастауыш сынып оқушыларының 90 пайызы онлайн сабақтан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да бастауыш сынып оқушыларының 90  пайызы онлайн сабақтан бас тартты

СҚО-да бастауыш сынып оқушыларының 90 пайызы онлайн сабақтан бас тартты

Солтүстік Қазақстан облысында 345 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

  • 11 Қыркүйек 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz

Жалпы саны 1651 кезекші сынып ашылып, 20 мыңнан астам бала мектептерде білім алып жүр. Бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының 90 пайызға жуығы онлайн сабақтардан бас тартып, балаларының білім алуын дәстүрлі әдістеме арқылы жалғастыруды жөн санаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылжар өңірінде 477 мектеп бар. Олардың 345-і штаттық режимде, ал 132 нысан  қашықтан жұмыс істеп тұр. Теріскейдің 31 мыңнан астам оқушысы  үшін оқу жылы онлайн форматта басталды. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларда тәрбиеленіп жатқан шыққан шәкірттерге 15 мың компьютер беріліп,  интернет желісін жақсарту мақсатында арнайы роутерлер де табысталған. Облыс мектептерінің 96 пайызы кең жолақты интернетке қосылды.

«1 қыркүйекке дейін жергілікті бюджетті үнемдеу есебінен 1827 компьютер сатып алынды. Бұдан басқа,Үкімет резервінен тағы 12 мыңға жуық компьютерлік техника сатып алуға 1,8 млрд.теңге бөлінді. Жергілікті  Киров зауытынан  аталған техниканың 1980 данасы алынып, балаларға табысталды. Алдағы демалыс күндері тағыда  2 566 планшет келеді, 15 қыркүйекке дейін 500 ноутбук жеткізіледі. Қалған техника қазан айында табысталады», — дейді  СҚО Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова.

Оқу жылы басталғаннан онлайн білім беру платформаларының дұрыс істемейтіндігі көптің аузында. Кәрімова жуырда ZOOM бағдарламасы арқылы сабақ өтіп жатқанда видеобайланысқа бөгде адамдардың араласуы сынды жағдайлардың  алдын алу-мақсатында бірқатар шаралар қолданылғанын да атап өтті.  


«Егер қашықтан оқыту барысында қандай да бір келеңсіздіктерге тап болған азаматтар Cool орталығына хабарласа алады.  10 күннің ішінде  34 қоңырау түсті. Онлайн сабақтарға бөгде адамдардың араласпауы үшін барлық сақтық шаралары жасалды», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар