СҚО-да бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын емхана ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын емхана ашылды

СҚО-да бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын емхана ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев қаласында 25 желтоқсанда бір ауысымда 250 келушіні қабылдайтын жаңа емхана ашылды.

  • 26 Желтоқсан 2014
  • 677
Фото - Caravan.kz

Медициналық мекеме "100 мектеп-100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынған.

Облыс әкімінің атынан емхана ұжымына жаңа реанимобильдің кілті табысталды. Денсаулық сақтау мекемесінің ашылуымен тұрғындарды аймақ басшысының орынбасары Владимир Бубенко құттықтады.

"Бұл автокөлік дер кезінде және білікті медициналық көмек көрсету үшін қажет", — деді Владимир Бубенко.

Жаңа емхананың жабдығы заманауи стандарттарға сәйкес келеді. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге жұмсалды.