СҚО-да бір тәулікте 14 мас жүргізуші ұсталдыэ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да бір тәулікте 14 мас жүргізуші ұсталдыэ

СҚО-да бір тәулікте 14 мас жүргізуші ұсталдыэ

Солтүстік Қазақстан облысында бір тәулікте ғана көлікті мас күйде басқарған 14 жүргізуші анықталды, енді олар 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылмақ.

  • 24 Қыркүйек 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 жүргізуші бұған дейін көлікті басқару құқығынан айырылса да рөлге мас күйде отырған. Әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген олар енді 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 10 күнге қамалады. Сондай-ақ 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылады.

Қазір СҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Акцияның мақсаты – жол апатын азайтып, жүргізушілерді тәртіпке салу.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жолда жүру ережелерін қатаң сақтау, ұқыптылық таныту жол-көлік оқиғаларының санын азайтады және қауіпсіздікке кепіл болады.


«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы тәулігінде облыста 500-ге жуық құқықбұзушылық анықталды. Оның 46-сы жылдамдықты асыруға, 56-сы рөлде телефонмен сөйлесуге қатысты. Ал 67 адам қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін жазаланды. Жол ережелерін бұзушылардың ішінде жаяу жүргіншілер де бар. 75 адам жолды белгіленбеген жерден және бағдаршамның қызыл түсіне кесіп өтпек болған.

Соңғы жаңалықтар